Хоккей: бүгін «Барыс» – «Авангард» командалары кездеседі

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 16 ақпанда елордада «Авангард» (Омбы) командасымен кездеседі.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19.30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін биылғы турнирде екі мәрте кездесті.

2020 жылдың 11 қарашасында елордада өткен ойында «Авангард» 5:2 есебімен жеңіп кетсе, 23 желтоқсанда Омбыда болған кездесуде «Барыс» 3:1 есебімен басым түсті.

Екі команда арасындағы соңғы төрт ойынында олар екі-екіден жеңіске жетті, бұған дейін 61 мәрте шеберлік байқасты. Оның 21-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Авангардтың» мерейі үстем болды.

Елордалық клуб олардың қақпасына 145 шайба соқса, өз қақпасына 188 гол жіберіп алды. «Барыс» соңғы 10 кездесудің 5-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 54 ойыннан кейін 62 ұпаймен 14-орында келеді.

Ал «Авангард» соңғы 10 ойында 3 рет жеңілді. Турнир кестесінде 55 ойыннан кейін 77 ұпай жинап, 3-орында тұр.

Back to top button