Жамбылдық кәсіпкерлер лимон өсірудің тиімді жолын тапты
Жамбылдық кәсіпкерлер лимон өсірудің тиімді жолын тапты
Жамбыл облысы, Меркі ауданында жылыжай шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Ауданда түрлі дақылдар өсіретін 42 жылыжай жыл он екі ай жұмыс істеуде. Бірі қызанақ, бірі қияр, тіптен құлпынай өсіруді де жетік меңгеріп алған. Ал Ақтоған ауылының тұрғыны Данияр Әбдіразақ жылыжайда лимон өсіруге бел буған, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жас кәсіпкер 2018 жылы жылыжай соғып, онда қияр өсірумен айналысқан. Кәсібінен мол табыс табуды көздеп, ерекше дақылды өсіруді ойластырады. Осылайша ауданға лимон өсіру бойынша ұсыныспен келген «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының ұйымдастырған семинарында өзінің кәсібін тапқандай сезінеді.