Тараздан Павлодарға бет алған жолаушы әйел пойызда босанды

Тараздан Павлодарға бет алған жолаушы әйел пойызда босанды

Тараздан Павлодарға бет алған жолаушы әйел пойызда босанды
ашық дереккөзі
«Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпанында пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғандығын хабарлады. «Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын стансаға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті. 14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың есімін Әмина деп қойды», делінген хабарламада. Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және сол баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті.