Зейнетақы жинағының бір бөлігін алғандар қаржысын қайда жұмсап жатқаны белгілі болды

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алғандар қаржысын қайда жұмсап жатқаны белгілі болды

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алғандар қаржысын қайда жұмсап жатқаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бүгінге дейін 75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгерген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.  «Қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды», - деді Е.Досаев. 12 ақпанда БЖЗҚ 408,2 млрд теңге сомасына 75 186 өтінім бойынша біржолғы зейнетақы төлемін аударған. Ұлттық банк төрағасы зейнетақы жинағының бір бөлігіне қол жеткізгендер қаржысын қайда жұмсап жатқанын айтты. «Азаматтар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға (ипотекасыз); 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3 пайызын жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді», - деді ол. Айта кетейік, БЖЗҚ 2021 мәліметі бойынша жалпы саны 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Оларға жалпы көлемі 2,4 трлн теңге төленуі тиіс. Бұдан бұрын қор 10 миллион теңгеден асатын жинақ қоры бар салымшылардың статистикасын жариялаған болатын. Республика бойынша 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден асатын қаражатты мақсатты қажеттілігіне ала алады екен. Сондай-ақ, тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталған еді. 658 млрд теңге жинағы бар Алматы қаласындағы салымшылар республика бойынша көш бастап тұр.  Екінші орында – Маңғыстау облысы. бҰл өңір халқының зейнетақы қорындағы жалпы жинағы 397 млрд теңге.  Үшінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың жалпы зейнетақы жинағы 325,9 млрд теңге (13,3 пайыз).Төртінші орында – Атырау облысы (257,4 млрд теңге).Осы төрт өңірдің халқы зейнетақы жинағын пайдалана алатын азаматтардың 70 пайыздан астамын құрап отыр.