"Қазпошта" қызметкерлері егде мұғалімді ақшасыз қалдырды

"Қазпошта" қызметкерлері егде мұғалімді ақшасыз қалдырды

"Қазпошта" қызметкерлері егде мұғалімді ақшасыз қалдырды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында "Қазпоштаның" бұрынғы қызметкерлері мұғалімге тиесілі қаржыны ысырап еткені анықталды. Бұл туралы  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қорғалжын аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 2016 жылдың көктемінде "Қазпошта" бөлімшесі 200 мың теңге көлемінде еңбек демалысының ақысын төлемеген. Анықталғандай, 2016 жылы зардап шегуші еңбек демалысының ақшасын алуы керек болған. Алайда ол демалысқа шыққаннан кейін қалаға кетіп қалып, ақша туралы ұмытып кеткен. Дегенмен кейін оралған соң яғни бірнеше жыл өткен соң өзіне тиесілі ақшаны алмағаны есіне түседі. Сөйтіп, қарт мұғалім полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтаған. Олар 2016 жылы "Қазпошта" филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары болып шыққан. "2016 жылдың шілдесінде әйелдер басқа адамдардың ақшасын алып, оларды заңды алушыға бермей, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. "ҚазпоштаQUOT" филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабардар етті Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.