Атырауда полиция қызметкерлері есірткімен ұсталды

Атырауда полиция қызметкерлері есірткімен ұсталды

Атырауда полиция қызметкерлері есірткімен ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда полицейлер есірткімен ұсталды. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Данияр Қанатов и Роман Аймағамбетовті Атырау-Доссор тас жолы бойында өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері уақытша қамауға алды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Полицейлерді ұстау операциясы, әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда Hyundai автокөлігі жанында ұсталған екеуге тергеу басталғаны хабарланады. Мотоциклдің дөңгелегіне мұқият жасырынған есірткіні шығаруға біраз уақыт кетті. Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=uFfrk7N1sDk&feature=emb_logo