Тарихта алғаш рет: Дүниежүзілік сауда ұйымын әйел адам басқаратын болды

Тарихта алғаш рет: Дүниежүзілік сауда ұйымын әйел адам басқаратын болды

Тарихта алғаш рет: Дүниежүзілік сауда ұйымын әйел адам басқаратын болды
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік сауда ұйымы жаңа бас директорды таңдады – ол Нигерия өкілі Нгози Оконжо-Ивеала. Ол бұл лауазымға тағайындалған алғашқы әйел және алғашқы африкалық. Бұл туралы ұйым сайтында хабарланды.  Ұйымның Бас кеңесінің кезектен тыс отырысында бас директор лауазымына оның кандидатурасы 2021 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 тамызға дейін мақұлданды. Бастапқыда ДСҰ-ның бас директоры лауазымына сегіз елдің – Ұлыбритания, Египет, Кения, Корея, Мексика, Молдова, Нигерия және Сауд Арабиясының өкілдері үміткер болды. Содан кейін бес үміткер қалды, кейінірек олардың саны екіге дейін азайды. Қазан айының соңында Оконджо-Ивеала ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдер тобының дауыс беру қорытындысы бойынша ДСҰ басшысы лауазымына екінші үміткер – Корея өкілі Ю Мен Хиден көп дауыс жинады. Алайды кейіннен АҚШ оның кандидатурасына қарсы шықты. АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден қызметке кіріскеннен кейін ғана нәтиже берген елдер арасында консультациялар өтті. 5 ақпанда Оңтүстік Корея өкілі ДСҰ-ның жаңа бас директоры лауазымына өз кандидатурасын алып тастағаны белгілі болды. Ал АҚШ-тың сауда өкілдігі Нгози Оконжо-Ивеаланың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Оконжо-Ивеала 1954 жылы дүниеге келген. Ол қаржы министрі, сондай-ақ Нигерияның сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды. Дүниежүзілік банкте жұмыс істеген 25 жыл ішінде Оконджо-Ивеала бірқатар жоғары лауазымдарға ие болды, оның ішінде Басқарушы директор (банктегі екінші маңызды адам) қызметі де бар.