Жаңалықтар

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

ашық дереккөзі

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

15 ақпан күнгі 21:15-тен бастап екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-ның баспасөз қызметі. Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Анар станциясы аралығындағы жолда барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1353-1426 шақырымы, Анар станциясынан Теміртау қаласына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.