Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша International титулының иегері, жеңіліп көрмеген Қазақстан боксшысы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) ұзақ үзілістен кейін рингке қайта шығады, деп хабарлайды boxingscene сайты.

Америка басылымның хабарлауынша, Қанат 20 ақпан күні Майами қаласында өтетін «Miami Title Night» бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласы ганалық боксшы Ободай Саи (35-3-1, 26 КО).

Ал 33 жастағы Ободай Саидың кәсіпқой рейнгтегі лақап аты – «Ғажайып», WBO тұжырымы бойынша орта салмақта Африка чемпионы. Кәсіпқой карьерасында 35 жекпе-жек өткізіп, үш айқасында жеңілістің дәмін татыпты. Оның екеуі титулды жекпе-жек болды. Сондай-ақ, ол 2018 жылы WBO титулын жеңіп алып, 2019 жылы тамызда өткізген соңғы жекпе-жегінде конголық боксшымен тең түсті. Қанат Ислам өткен жылы жекпе-жек өткізген жоқ. 2019 жылы отандасымыз жарақатына байланысты араға бір жыл салып, кәсіпқой боксқа қайта шығады. Ол бірінші орта салмақтан орта салмаққа ауысып, Алматыда доминикалық қарсыласы Хулио Де Хесусты (27-2, 24 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді. Қанат Ислам орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша International титулын иеленіп, соңғы айқасында намибиялық Уолтер Каутондокваға (18-2, 17 КО) қарсы шығып, титулын сәтті қорғады. Қазір Қанат Ислам орта салмақта әлемдік рейтингіде 14-орында тұр.

 

Back to top button