Қазақ тілі Microsoft Teams платформасына еңгізілді
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасына еңгізілді
Бүгін Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушыға қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл білім беру ұйымдарында сұранысқа ие. Microsoft Teams қазақ тіліне бейімделген заманауи жұмыс, яғни оқу кеңістігі үшін алғашқы шетелдік платформалардың бірі.
Бүгінгі таңда Microsoft компаниясының деректері бойынша, білім беру жүйесінде шамамен 250 мың қазақстандық пайдаланушы Microsoft Teams платформасын пайдаланады, олардың басым бөлігі (70%) жалпы білім беретін мектептерге тиесілі. Платформаны қазақ тіліне локализациялау Қазақстандағы білім беру секторының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Карантин шектеулер басталғаннан бері Қазақстан білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту режимінде сапалы, ыңғайлы және қауіпсіз оқу процесін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарға жауап беретін қолайлы құралдарды іздеу мәселесіне тап болды. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, Microsoft Teams қашықтықтан оқыту режимінде білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін ұсынылған сандық платформалардың тізіміне кіреді.
Бұл ретте білім беру мекемелерінің онлайн-сабақ өткізу үшін платформаны таңдауының маңызды критерийлерінің бірі қазақ тілінде сервисті пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
"2020 жылдың соңғы ширегінде, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде Microsoft корпорациясының Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында ұйымдастырған оқыту семинарлары аясында біз оқытушылардан, мектептер мен ЖОО өкілдерінен платформаны мемлекеттік тілде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бірнеше рет сұрау алдық. Біз пайдаланушылық тәжірибені жақсартуды өз мақсатымызға қоямыз және Microsoft құралдарының біздің пайдаланушыларымыздың жұмыс процестерін жеңіл, қолжетімді және тиімдірек жасауына ұмтыламыз, сондықтан сервисті қысқа мерзімде қазақ тіліне локализациялау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, біздің шешіміміз мемлекеттің тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілдерді дамытудағы белсенді жұмысын қолдауға деген ұмтылысынан туындайды", - деді Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Microsoft білім беру секторымен жұмыс жөніндегі жетекшісі Нұрлан Жәнібек.
Платформаны локализациялау Қазақстан Білім және ғылым министрлігі мен компания арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі тағы бір қадам болды. 2020 жылғы шілдеде оқу процесінің сапасын жақсарту және цифрландыру арқылы қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Microsoft пен министрлік арасында білім беруді цифрлықтрансформациялау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
"7 мың мектептің жартысынан астамы мемлекеттік тілде оқиды, бұл 2,5 миллионнан астам бала, олар қазақ тілінде оқытылады. Осы себепті біз үшін ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы локализациялау маңызды. Эргономикаға қарамастан, егер интерфейс оларды оқыту тілінде болса, оқушыларға компьютерде жұмыс істеу оңайырақ болады", - деп атап өтті Қазақстан Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Айдарбекұлы.
Мәселенің өзектілігін және пайдаланушылар үшін аса қажеттілікті ескере отырып, платформаны локализациялауға мақұлдау алынды және 2020 жылдың қазан айының соңына қарай платформа мобильді қосымшада, web-нұсқада және десктоптарға арналған негізгі нұсқада қазақ тілінде пайдалану үшін қолжетімді болды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Microsoft Teams оқытушылар, ата-аналар және оқушылар үшін ұйымдастырушылық және білім беру процестерін жеңілдету үшін "Күнделік" білім беру ақпараттық жүйесіне интеграцияланған.
Microsoft Teams-тен басқа, Microsoft Office 365 қосымшаларының көпшілігі ертеректе локализацияланған. Сонымен, қазақ тілі Microsoft Translator apps, Office, Translator for Bing, сондай-ақ бизнес пен әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services Translator сияқты сервистердің барлық негізгі қосымшаларында қолжетімді.