Ақылы автожол - 5,7 млрд пайда таппақ

Ақылы автожол - 5,7 млрд пайда таппақ

Ақылы автожол - 5,7 млрд пайда таппақ
ашық дереккөзі
Елімізде 4 бағыт бойынша салынған ақылы автожолдан бюджетке түскен пайда - 5,7 млрд теңгені құрамақ. Дәл осындай қаржы биыл қолданыстағы ақылы жолдардан жиналады деп болжайды ҚР ИИДМ. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің төмендегі ақылы жолдары пайдаға беріле бастады: «Нұр-Сұлтан - Бурабай» (211 км) - 1,67 млрд теңге; «Нұр-Сұлтан - Теміртау» (134 км) - 1,91 млрд теңге; «Алматы - Қорғас» (295 км) - 1,03 млрд теңге; «Алматы - Қапшағай» (42 км) - 1,12 млрд теңге. Бұдан бөлек, биыл бірінші тоқсанның соңына дейін төлем өндіру жүйесі республикалық маңызы бар жолдардың 5,8 мың шақырымына енгізілмек. 2025 жылға қарай ақылы жолдардың қатарына тағы 5,2 мың шақырым жол қосылмақ. Осылайша Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрайтын болады. «Жобаны сәтті іске асыру арқылы ақылы жолдар өз шығынын өзі өтейтін болады. Демек бұл автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үшін мемлекет бюджетінен қаржыландыруға үнем болмайды. Бұдан бөлек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға да сепиігін тигізетінін айтып өту керек. Мәселен, қазірге дейін 1200 адам екі қолға бір күрек тауып отыр», - дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметінді.