Қазақстан экономикалық рейтинг индексінде 52-орында
Қазақстан экономикалық рейтинг индексінде 52-орында
Канаданың Фрейзер институты жариялаған экономикалық еркіндік индексіне сәйкес, Қазақстан 159 ел арасында 52-орынға ие болды деп жазуда БАҚ.
Биылғы жылы рейтингте Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Біріккен Араб Әмірліктері көш бастап тұр. Алғашқы ондықты Австралия мен Ұлыбритания түйіндейді.
Қазақстан рейтингте Қырғызстан (70), Молдова (99), Ресей (102), Әзербайжанды (107) артта қалдырып 52-ші орынға ие болды.
Экономикалық еркіндік индексі – жыл сайын Wall Street Journal газеті мен Heritage Foundation зерттеу орталығы есептейтін әлем елдерінің көрсеткіші.
Экономикалық еркіндік талдауы 1995 жылдан бері өткізіледі. Биыл оған 170 ел қатыстырылған, алайда, сандық көрсеткіштерге 166-сы ғана ие болды. Сарапшылар төрт мемлекетке, атап айтқанда, Ауғанстан, Ирак, Лихтенштейн мен Ливияға шынайы статистикалық ақпараттың жоқтығынан сандық көрсеткіштерді ұсына алмады.