«Биліктен көмек сұраймыз»: алматылықтар орталықта салынатын құрылысқа шағымданды

«Биліктен көмек сұраймыз»: алматылықтар орталықта салынатын құрылысқа шағымданды

«Биліктен көмек сұраймыз»: алматылықтар орталықта салынатын құрылысқа шағымданды
ашық дереккөзі
Алматылықтар қала орталығыда салынып жатқан нысандардың құрылысына шағымданды. «Қала билігінен көмек сұраймыз» деп жиналған Нұрмақов көшесінің №81 үй тұрғындары әкімдіктен ауладағы құрылысты тоқтатуын өтінді. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметіше, қаланың бас даму жоспарына сәйкес, Жамбыл, Әйтиев, Қабанбай батыр, Нұрмақов көшелеріндегі үйлердің ауласында жаңа екі ғимарат салынып жатыр. Бірінші нысан – көпқабатты тұрғын үй. «Бұл жерде көпфункционалды тұрғын үй кешені пайда болады. Құрылыстың эскиздік жобасы 2007 жылы мақұлданған болатын. Алайда меншік иесінің ауысуына байланысты қосымша рұқсат 2020 жылы берілді. Бұрынғы инвестордың қаржысы жетпегендіктен құрылыс тоқтап қалған. Осы үйге ақша салған алматылықтардың баспанасыз қалуы мүмкін еді. Дер кезінде инвестор табылып, мәселе шешілді», – деп хабарлады басқармадағылар. Екінші нысан – жерасты паркингі бар 12 қабатты қонақ үй кешені болмақ. «Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы 2014 жылы берілді. Ал эскиздік жобасы 2016 жылы мақұлданды. 2018 жылы нысан Қала құрылысы кеңесі мен мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс ҚР аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді», – деді басқарма. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, екі нысаннан басқа, аталған аумақта ешқандай ғимарат салынбайды. Яғни, үшінші учаскенің иесіне құрылыс жүргізуге рұқсат берілген жоқ.