3 млрд теңге бөлінеді: аз қамтылған елордалықтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Илья Скуб әлеуметтік жағынан аз қамтылған елорда тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін 3 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«STC әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге арналған карталар береді. Олар валидация жасау есебінен қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Мұндай картаны зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар алады. Атаулы карта STC компаниясынан беріледі», – деді ол елорда мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.

Оның атап өтуінше, STC компаниясы да іс жүзінде әкімдікке аталған санатқа кіретін адамдардың қоғамдық көлікте тегін жүргенін көрсететін 3 млрд теңгенің валидациясын ұсынады.

«Олар мұны тізіммен нақтылап отырады», – деді Илья Скуб.

Back to top button