Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай желідегі парақшасында жазды. «Нұрсұлтан Назарбаев ақынның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, оның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Елбасы ақынның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

«Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты ретінде ұлттық әдебиетіміз бен руханиятымыздың дамуына сүбелі үлесін қосып, артына мол мұра қалдырды. Ол қалың оқырманға лирикалық жырларымен қатар көптеген ән мәтіндері арқылы кеңінен танылған талант иесі болатын. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қарымды қаламгер, дарынды тұлға, абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.