БҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Nur Otan» партиясынан көмек сұрады

БҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Nur Otan» партиясынан көмек сұрады

БҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Nur Otan» партиясынан көмек сұрады
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова облыс тұрғынына мүгедектер арбасын сатып алу мәселесін шешуге көмектесті.

Бұл жағдайда көмекке жүгінген ер адамда қайталама инсульттан кейін қозғалысы бойынша асқынулар пайда болған. Оның айтуынша, ол бірнеше рет тиісті органдарға жүгінген, бірақ одан нәтиже болмаған. Содан кейін ол халық қалаулысына жүгінді.

Сондай-ақ, күтпеген жерден аяғын сындырып алған ер адам да депутаттан көмек сұрады.

«Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлмира Батпақұлова мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мүгедектер арбасы мен балдақ сатып әперді.

«Тұрғындар мүгедектер арбасын алу үшін мүгедектің әлеуметтік құқығын қорғауға жүгінеді, бірақ олар бұл мәселені бірден шеше алмайды. Содан кейін адамдар бізге жүгінеді. Адамдарды басқа түскен қиындығымен жалғыз қалдырмау өте маңызды», – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Г.Батпақұлова.

Айта кетейік, Гүлмира Батпақұлова – қоғам қайраткері. 1995 жылы апаттан кейін мүгедектер арбасына таңылған. 2009 жылы «Арба» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ ашуға бастамашы болады.

Былтыр партия ішіндегі сайлауға қатысып, бүгіндеиоблыстық мәслихаттың депутаты болып отыр, онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты мәселелерге жетекшілік етеді.