Футболдан суперкубок ойындарының жеребесі тартылды

Футболдан суперкубок ойындарының жеребесі тартылды

Футболдан суперкубок ойындарының жеребесі тартылды
ашық дереккөзі
Бүгін, 15 ақпанда футболдан 2021 жылғы маусымдағы суперкубогының жеребесі тартылды. Биыл бұл доп додасы жаңа форматта өтеді, оған былтыр біріншілікте алғашқы үш орынға ие болған командалар қатысады. Былтыр Қазақстан кубогы ойындары өткізілмеуіне байланысты төртінші орынға тұрақтаған клуб та доп додасында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі жеребе нәтижесінде жартылай финалда – «Тобыл» мен «Қайрат», «Шахтер» мен «Астана» командалары өзара бақ сынасады. Ойындар 2-3 наурыз күндері болады. Ал үшінші орын сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурызға белгіленген. Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді. Бұлтурнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.