Жаңалықтар

Қостанайда 231 көпбалалы отбасы баспаналы болды

ашық дереккөзі

Қостанайда 231 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Биыл Қостанай қаласында көп балалы аналарды баспанамен қамту үшін 575 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты. Бүгінде облыс орталығында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Нәтижесінде, баспана кезегіне тұрушылар саны да едәуір азайды. Мәселен, былтыр республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 135 млн теңгеге 100 көп балалы отбасыға пәтер сатып алынған. «Қала әкімдігі тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарды жалдамалы пәтерлермен қамту жұмысын жалғастырады. Бүгінге дейін мұндай пәтерлерге 231 отбасы қоныстанған. Жалдамалы пәтер әкімдіктің меншігінде тұра береді. Сондықтан, оған қоныстанған адам пәтерді сатып алып, өзіне ресімдеп алуға құқығы жоқ. Жалпы осы жылы қалада көпбалалы аналарды баспанамен қамту үшін 575 млн теңге қарастырылып отыр», – деді өңір басшысы. Қайрат Ахметов айтқандай, бүгінде Қостанай қаласында 11,2 мың адам баспана кезігінде тұр, оның 170-і көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар. Жұмыспен қамту орталықтары мен жеке серіктестіктер арқылы оларды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері оңтайлы шешімін тауып келеді. Жыл басынан бері 312 адам жұмыс тапқан.