Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасы ресми тіркелді

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасы ресми тіркелді

Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасы ресми тіркелді
ашық дереккөзі
Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан Республикасының аумағында «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник – V») коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің мәліметінше, 13 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымы тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды берген. Бұл қорытынды негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды. Осылайша, Қазақстан «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түрікменстан, Мажарстан, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.