Карантин жеңілдеді: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

Карантин жеңілдеді: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

Карантин жеңілдеді: Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. 2021 жылдың 14 ақпанындағы жарияланған №4 қаулыға сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етілген. Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметі сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ол нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-де дейін жабылуы керек. Әр үстелге 4 адамнан отыруға рұқсат. Әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдарды 30 пайыздан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген.