Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
    
        15 ақпан, 2021 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
                        
                                     15 ақпан күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидромет» ұсынған болжам бойынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтау, Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында болады. 
Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.