3 қаңтар күні әлемдегі алғашқы криптавалюта — биткойнның айналымға енгеніне он бір жыл толды.
2009 жылғы 3 қаңтарда Сатоши Накамото биткоин желісін іске қосып, алғашқы 50 биткойнды шығарды. Бұл оқиға қазіргі кезде аса перспективті саналатын криптовалюта саласының негізін қалады. Сатоши Накамото биткоинді 2007 жылы құрастыра бастаған. Криптовалютаның дамуы 2008 жылғы дағдарысқа сәйкес келді, ол кезде көптеген адам банк жүйесіне деген сенімін жоғалтқан болатын. Ол сонымен қатар криптавалютаның нұсқаулық кітабын да жазып шыққан. 2010 жылғы 22 мамырда биткоин алғаш рет төлем құралы ретінде пайдаланылды. Биткойн жасаушылардың бірі Ласло Чанез екі үлкен пицца үшін 10 000 BTC төледі. Бұл - тарихтағы ең қымбат пицца.