Жаңалықтар

Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханалар енді түн ортасына дейін жұмыс істейді

ашық дереккөзі

Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханалар енді түн ортасына дейін жұмыс істейді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық тамақтану нысандарының түн ортасына дейін жұмыс істеуіне рұқсат берді. “Кафе мен мейрамханаларға, соның ішінде СОО мен қонақ үй кешендерінде орналасқандарға таңғы 7-ден түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Шоттар 23:00-ге дейін жабылуы керек”, - делінген жексенбіде жарияланған санитар дәрігердің қаулысында. Бұдан басқа, жұмыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық және ашық базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат, ал демалыс күндері базар нысандары 30 пайызға ғана толығуы керек. Театрлар мен кинотеатрларға да залдарды 30% толтыруға рұқсат етілді.