Біреулерге қадірлі «қасиетті мүше» қайда кеткен?

Біреулерге қадірлі «қасиетті мүше» қайда кеткен?

Біреулерге қадірлі «қасиетті мүше» қайда кеткен?
ашық дереккөзі
Кейінгі кезде елімізде түрлі діни көзқарастардың арасында таным қайшылықтары жиі байқалып жүр. Өздерін «тәңіршілдерміз» дейтін, мұсылмандық таным-түсінікті жоққа шығарғысы келетіндердің бір тобы оны догма деп айыптаса, өз кезегінде мұсылмандар да олардың салттарын ойдан шығарылған жасанды дүние деп сынап жатады. Тіпті оларды еркектің жыныс мүшесінің мүсініне табынушылар деп айыптайтындар бар. Біз, әрине, ондай талас-тартыстармен жеке шаруамыз жоқ, бірақ қалай болғанда есте жоқ ескі замандарда болыпты-мыш дейтін халықтың жадында жоқ түсініксіздеу салттарды ұлттық наным-сенімге балау артық сияқты. Жақында осындай еркектің жыныс мүшесін әспеттеу салтына қатысты бір оқиға Маңғыстауда белгілі болды. lada.kz сайтында Маңғыстауда ескіден келе жатқан үлкен қорымдардың бірі Шопан Атада орнатылған «ертедегі адамдардың табынатын нәрсесі – қасиетті шүмектектің (еркектің жыныс мүшесі түрінде жасалған темір мүсін) жоғалып кеткені жайында жазылған. Ол туралы Қазақстан емшілері мен психокинетика федерациясының президенті, таролог Дәуір Шәкіржанның екі бейнежазбасы берілген. Бірінші бейнежазба 2019 жылы мамыр айының соңында түсірілген. Онда темірден жасалған іші кеуек, еркектің жыныс мүшесіне ұқсас мүсінді түсіріп тұрып, бейнежазба авторы: – Бұл қасиетті культ тасты біздің ата-бабаларымыз салттық рәсімдерде қолданған. Тас мүсіннің ойығына қойдың майы немесе өсімдік майы құйылған, содан кейін бала көтергісі келгендер «жалбарынған». Сол сияқты ер адамдар, ойыққа ұсақ тиындар тастап, тары салып бел қуатын арттыру үшін ғибадат жасаған, – дейді. Екінші бейнежазбаны Дәуір Шәкіржан «Шопан Атаға» биыл барғанда түсірген. Онда ол бұрын «қасиетті тастың» жоғалып кетіп, орнында темірден жасалған садақа жәшігінің тұрғанын көрсетіп: – Мәдениетті исламистердің өзгертуі осылай жүзеге асады, ал біздің мәдени құндылықтарымыз өткен шаққа жұтылып барады, – дейді ол. 362 әулиелі Маңғыстау өлкесінде жұрт зиярат қасиетті орындар көп. Соның ең ірілерінің бірі – тасқа ойылып салынған Шопан ата мешіті. Жан-жағы үлкен қорым. Осы өлкедегі халыққа пір болған әулие Бекет Атаның Оғыланды тауындағы мәңгілік дамыл тапқан жеріне баратын халық алдымен Шопан Атаға соқпай кетпейді. 2000 жылдың күзінде әулие Бекет ата Мырзағұлұлының 250 жылдық мерейтойы тұсында Оғыландыдағы мешітіне бара жатқанда біз де осы Шопан атаға барып кеткенбіз. Ол кезде дәл мынадай фаллосқа ұқсаған «темір мүсінді» көрмеген сияқтымыз. Ал енді мынадай жағдай... Сонда мұны бұл араға кім орнатқан, қашан орнатқан?! Сол секілді кімнің алып тастағаны да белгісіз...