АҚШ-тың экс-президенті КГБ-ға қызмет еткен бе?

АҚШ-тың экс-президенті КГБ-ға қызмет еткен бе?

АҚШ-тың экс-президенті КГБ-ға қызмет еткен бе?
ашық дереккөзі
Осы жылы қаңтар айының соңғы сейсенбісінде Америка Құрама Штаттарының кітап дүкендерінде елдің экс-президенті Дональд Трамп туралы Крейг Унгердің «Америка компроматтары» атты кітабы пайда болды. Онда осыдан қырық жылдай бұрын КГБ-ның Трампты қалай қабылдағаны айтылады. Сол кезде жас әрі тәжірибесіз Дональдты қаржылық күйреуден құтқарған атышулы ұйым кейін оны «орыс активіне» айналдырған көрінеді. Бұл жайында Ұлыбританияның Daily Мail газеті «Бұл секс, ашкөздік, күш пен сатқындық туралы әңгімелер», – деп жазды. Аталған «бестселлердің» авторы Трамптың Ресеймен қарым-қатынасы 1976 жылы жылжымайтын мүлік мәселесінде Нью-Йорктегі Квинс ауданынан Манхэттенге көшуге шешім қабылдаған кезде басталды деп мәлімдейді. Оның айтуынша, Трампты банкроттықтан бірнеше рет (1980-1990 жылдары) «Ресей ақшасымен келген қайықтар» құтқарған. Кітап авторы мәлімдеуінше, Трампты орыстармен байланыстырған «орыстар мен Кремний алқабын кәмелетке толмаған қыздармен қамтамасыз еткен» Джеффри Эпштейн көрінеді. Сондай-ақ кәсіпкер досы Трампты әйелі Меланиямен таныстырған. «КГБ-ға Трампты тарту қиынға соқпады, өйткені ол мансапқұмар даңғой, ашкөз еді. Кейін ол президент болғанда қарызын қайтаратын кез келді, сөйтіп Ресей билігіне қалағанының бәрін берді», – деп қорытады Унгер. Daily Mail «бұл кітап жоғары дәрежелі дереккөздердің», кеңес әскерилерінің, ЦРУ-дың бұрынғы офицерлерінің және ФБР қарсы барлау офицерлерінің әңгімелеріне негізделген» деп санайды. Ал бұрынғы КГБ тыңшысы Юрий Швец британиялық The Guardian газетіне берген сұхбатында: «Адамдар студенттік жылдарда жұмысқа қабылданып, содан кейін олар маңызды орындарды иеленетін кездер болады. Трамптың да басынан соған ұқсас жағдайлар болды», – деген еді. Швецтің сөзіне сүйенген Крейг Унгер өз кітабында Дональд Трамп Ресей барлау қызметтерінің назарына алғаш рет 1977 жылы, чех модельі Иван Зельничковаға үйленген кезде түскен деп болжайды. Содан үш жыл өткенде Трамп Grand Hyatt New York қонақ үйін ашты, сол кезде ол КГБ-мен жұмыс істеді деп саналған кеңес эмигранты Семен Кислиннен 200 теледидар сатып алға көрінеді. Швец «Трампты әлеуетті агент ретінде байқаған Кислин болды» дейді. Бұрынғы барлау офицерінің (Щвец) болжауынша, 1987 жылы кәсіпкер (Трамп) әйелі Иванамен бірге алдымен Мәскеу мен Санкт-Петербургке барғанда КГБ агенттері Трампқа саясатқа бару идеясын сіңірген. «Олар оның жеке басын мұқият зерттеді, оның қандай адам екенін түсінді. КГБ оның интеллектуалды және психологиялық тұрғыдан өте осал, жағымпаздыққа бейім екенін білді. Америка Құрама Штаттарына оралғаннан кейін көп ұзамай Трамп Республикалық партиядан президенттікке үміткерлікті қарастыра бастады. 1987 жылы ол Америка халқына үндеу жариялады, онда одақтас Жапонияны АҚШ-ты қанап жатыр деп айыптап, АҚШ-тың НАТО-ға қатысуына күмәнмен қарады. Бұл мәлімдемені КГБ жылы қабылдаған. Ал 2016 жылғы президенттік сайлауда Трамп жеңіске жеткенде Ресей билігі қатты қуанған», - дейді бұрынғы барлаушы.