Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяды

ашық дереккөзі

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейгені туралы хабарлады. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша Қазақстанда халық саны 18 млн 877,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн 149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7 727,4 мың адам (40,9%). *Инфографика ашық дереккөзінен алынды 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам) айтарлықтай байқалды.