Қуат Хамитов көктемде жекпе-жек өткізеді

13 ақпан, 2021 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Қуат Хамитов көктемде жекпе-жек өткізеді Қазақстандық файтер Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. «Рамазанға дейін Қазақстанда жекпе-жек өткізуім қажет», – деп жазды спортшы. Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін қаңтар айында Ресейде өткізіп, Максим Пантелеевті жеңген еді.