Қар көшкінінің астында қалған «Газельдегі» жолаушылар құтқарылды

Қар көшкінінің астында қалған «Газельдегі» жолаушылар құтқарылды

Қар көшкінінің астында қалған «Газельдегі» жолаушылар құтқарылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жолаушылар мінген «Газель» қар көшкіні астында қалып қойды. Оқиға Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ – Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-ші шақырымында орын алды. Екі қар көшкіні «Газельді» басып қалған. Оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болды. Адамдар жұмыстан 19 шақырымда орналасқан уақытша базаға кетті. «Мердігерлік ұйымның күшімен және қаражатымен көшкінге ұшыраған жеті қызметкерге өз бетінше көмек көрсетілді. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды», – деп хабарлады облыстық ТЖД. Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының ТЖД өңірдің таулы аудандарында көшкіннің болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Облыс аумағында көшкін қаупі бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Осыған байланысты сақтық ережелерін сақтау және таулы жерлерге барудан және серуендеуден бас тарту қажет.