Атырау облысында 1 000-ға жуық адам екпе салдырды

Атырау облысында 1 000-ға жуық адам екпе салдырды

Атырау облысында 1 000-ға жуық адам екпе салдырды
ашық дереккөзі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1-12 ақпан аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғанын хабарлады. «Оның ішінде аудандардағы емдеу мекемелерінің 273 қызметкері бар. Қалғаны – Атырау қаласында екпе алғандар. Вакцина алған медицина мамандарының денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді» -делінген хабарламада. Өңірде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны арнайы ашылған 24 орында салу жалғасып жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бес күнде 800-ге жуық медицина қызметкері вакцина алған болатын.