Бүгіннен бастап елімізде жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейді

Бүгіннен бастап елімізде жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейді

Бүгіннен бастап елімізде жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейді
ашық дереккөзі
21 қаңтар күні Парламент сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданған болатын. Аталған құжаттағы жүргізушілердің өзімен бірге жүргізуші куәлігін алып жүруі міндеттелетін ереженің күшін жою қарастырылды.  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл өзгеріс 13 ақпаннан бастап күшіне енеді деп мәлімдеген болатын. "Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады", – деді министр.