Жаңалықтар

Холестерин деңгейін реттейтін өнімдер - маман кеңесі

ашық дереккөзі

Холестерин деңгейін реттейтін өнімдер - маман кеңесі

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников холестеринді реттейтін өнімдер туралы айтты. Маман ағзадағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіру үшін арнайы препараттарды — статиндерді тағайындайтынын, бірақ дұрыс, жүйелі диета арқылы тура сондай әсерге қол жеткізуге болатындығын атап өтті. Атап айтқанда, ол құрылымдық жағынан статиндерге ұқсас заттар мен пайдалы майлар бар тағамдарды жеуге кеңес берді. "Жабайы күріш, жаңғақтар, теңіз өнімдері, зығыр майы, сарымсақ — бұл холестериннің төмендеуіне әкеледі", — деді Мясников Ресей 1 телеарнасында.