Еліміздің пайдалы қазбалар қоры өсті – Экология министрлігі

Еліміздің пайдалы қазбалар қоры өсті – Экология министрлігі

Еліміздің пайдалы қазбалар қоры өсті – Экология министрлігі
ашық дереккөзі
Геологиялық барлау аясында 2020 жылы алғаш рет мемлекеттік балансқа 20 кен орны қойылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. «Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы алғаш рет мемлекеттік балансқа 20 кен орны қойылды. Соның ішінде қатты пайдалы қазбалар – 9, көмірсутек шикізаты – 6, жер асты сулары – 5», – деді вице-министр. Ол 2020 жылы пайдалы қазбалар қорының өскенін мәлімдеді. Атап айтқанда, 111,5 тонна алтын, 55,4 мың тонна уран, 13,8 млн тонна темір кені және 31,7 млн тонна мұнай. «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті іске асыру үшін жер қойнауын геологиялық зерттеуге 22 лицензия, сондай-ақ жер қойнауы кеңестігін пайдалануға екі лицензия берілді», – деді С.Брекешев. Оның айтуынша, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылды. Қатты пайдалы қазбаларды, кең таралған қазбаларды және көмірсутек шикізатын барлауға әрі өндіруге 597 нысан енгізілген.