Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне хабарлады. Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді. 2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды. 2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы. 2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы. 2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Еске сала кетсек, бұған дейін осы лауазымда болған Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны хабарланды.