Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлады primeminister.kz. Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды. ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған.