Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға

Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға

Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға
ашық дереккөзі
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Тұлғалар тағылымы» жобасы аясында көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Зәки Уәлиди Тоғанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға» атты іс-шара болып өтті.  width= Онлайн форматта өткен басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Зәки Уәлиди Тоғанның ұрпағы, тарих ғылымдарының докторы Исенбике Тоған мен Сүбедей Тоған, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев, Ресей Ғылым академиясына қарасты Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет зерттеу институтының жетекшісі Фирдаус Хисамитдинова және осы аталған институттың қызметкері Ахат Салихов, Өзбекстан ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Қахрамон Раджабов, Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамилоғлы, Түрік тарихы қоғамының мүшесі, тарихшы Тунжер Байкара, Қырғызстанның белгілі түркітанушысы, профессор Кадыралы Конкобаев және «Ағидел» башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Азамат Рыскильдин қатысты. Жиынды Түркі академиясының басшысы Д. Қыдырәлі жүргізіп отырды. Қатысушылар Зәки Уәлиди Тоған туралы естеліктерімен бөлісіп, оның артында қалған мұрасы туралы ойларын ортаға салды.