Облыс әкімі Бозжыра жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді

Облыс әкімі Бозжыра жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді

Облыс әкімі Бозжыра жобасына қатысты сұрақтарға жауап берді
ашық дереккөзі
«Мұнай қоры да бір күндері таусылады. Ал мен осы өңірдің әкімі болғандықтан халыққа жұмыс тауып беріп, өңірдің экономикасын көтеруім керек», дейді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы. «Мен үшін туған жерімнің әрбір тасы қымбат. Осы өңірдің перзенті ретінде мен де сіздердей көркем табиғатымыздың бұзылмай, сол қалпында сақталуын қалаймын. Өздеріңіз білесіздер, Бозжыраға барушылар көбейген. Көліктерімен шатқалға дейін барып, сонда тамақтанып, қалағанын жасап жүр. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ. Жабайы туризмге тосқауыл қоймаса, Бозжыраға зиян келуі мүмкін деген мамандардың сараптамалары бар. Бұл Бозжыра жобасын жүзеге асырудағы бірінші мақсат. Екіншіден, осы өңірдің әкімі болғандықтан, халыққа жұмыс тауып беріп, өңірдің экономикасын көтеруім керек. Мұнай қоры да бір күндері таусылады. Былтырдың өзінде мұнай игеру азайып кетіп, біраз табыстан айырылдық. Қазір бізге туризмді дамыту арқылы табысқа қол жеткізу пайдалы болып отыр. Оған табиғи мүмкіндігіміз де бар. Теңізіміз бар, көрікті жерлеріміз бар. Бір Риксостың өзінде 700-дей біздің облыстың тұрғыны жұмыс жасап жатыр. Инвесторлар салығын төлейді. Жер салығынан бастап барлық салық біздің өңір қазынасына түседі. Бұдан ұтпасақ, ұтылып отырған жоқпыз. Осы жағына терең үңілуіміз керек. Бозжыра маңына сапар орталығын салсақ, 200-ден астам жерлесімізге жұмыс табылады. Инвестор ақша саламын деп өзі келіп тұрса, неге одан бас таруымыз керек?! Мұндай мүмкіндік күнде келе бермейді. Инвесторлар, қоғам өкілдері, жұртшылық қойған талапты орындап, «Жабайұшқанның» сыртынан, шатқалдан қашықтау жерге, 4 км жерге саламыз деп отыр. - Көпшілік тек қалталылар баратын жер деп түсініп жүр екен. Ол жердегі қонақүйге тоқтамай, тіке Бозжыраға барып-қайтуға да болады. Қаумал сыртындағы сапар-орталыққа аялдап, тынығу кез-келген адамға қолжетімді болады. Жобаның сол жердің аң-құсына мейлінше зиянын тигізбей жүзеге асуын қоғам болып бақылаймыз. Инвесторлар ол талапты орындауға тиіс, - деді өңір басшысы.