Мемлекеттік шекарадан жеке көлікпен өтуге болады – ҰҚК

Мемлекеттік шекарадан жеке көлікпен өтуге болады – ҰҚК

Мемлекеттік шекарадан жеке көлікпен өтуге болады – ҰҚК
ашық дереккөзі
Қазақстан және шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны жеке көлігімен және жаяу түрде кесіп өтуге рұқсат етіледі. Көлікпен өтуге қатысты ешқандай шектеу шаралары жоқ. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаментінің өкілі, подполковник Мундаш Муллуашев айтты. Сондай-ақ, сала мамандарына шекараның қашан ашылатыны туралы сұрақ қойылды. «Мемлекеттік шекара ашық, бірақ бірқатар шектеу бар. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Апта сайын кездесу өткізіледі, хаттамалар жарияланады, соның негізінде жергілікті атқарушы органдардың талабы бойынша шекарадан өтуге рұқсат беріледі. Ведомствоаралық комиссия осындай ережелер мен рұқсаттарды бекітеді», – дейді капитан Ерлан Данияров.