Жаңалықтар

Студенттердің шәкіртақысы 2 есе өседі – Мамин

ашық дереккөзі

Студенттердің шәкіртақысы 2 есе өседі – Мамин

Жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді. «Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», - деді А. Мамин. Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.