Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Армения мен мен Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.