23 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасау туралы шешім қабылданды

23 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасау туралы шешім қабылданды

23 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасау туралы шешім қабылданды
ашық дереккөзі
Мьянма әскери күштері 23 мыңнан астам тұтқынға кешірім жасалатынын жариялады. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Мин Аун Хлаинның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Мәлімдемеде тұтқындарға рақымшылық жасау туралы шешім елдің «тұтқындарды лайықты азаматтарға айналдырып, қоғамды қанағаттандыру үшін бейбітшілік, даму және тәртіп арқылы жаңа демократиялық мемлекет құру» шешімі аясында қабылданғаны айтылады. Рақымшылық 23 314 сотталушыға, оның ішінде 55 шетелдікке қатысты екендігі көрсетілген.