Машина жасау кешеніне көңіл бөлу қажет

Машина жасау кешеніне көңіл бөлу қажет

Машина жасау кешеніне көңіл бөлу қажет
ашық дереккөзі
  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына үндеуін оқып берді, деп хабарлайды primeminister.kz. «Құрметті форумға қатысушылар, Қазақстан машина жасаушыларының IV форумының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Машина жасаушылардың төртінші форумы жаңа экономикалық жағдайда мақсатқа жету бойынша тәжірибелік шаралар қабылдауға  мүмкіндік беретініне сенімдімін. Заманауи міндеттер жаңа технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру мен экспортқа бейімделген жоғары бәсекеге ие өнімді шығару, сондықтан елде  машина жасау саласына ерекше назар аударылады», - деп А.Мырзахметов Елбасының сөзін оқып берді. Мемлекет басшысы айтып өткендей,  Индустрияландыру картасы аясында әрбір оныншы жоба  машина  жасау саласында жүзеге асқан, барлығы 250 млрд теңгеге 88 жоба іске қосылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Елбасының пікірінше,  Қазақстанның машина жасау кешені ЕАЭО мен ДСҰ-ға  қатысу басымдылығын қолданып, перспективада ел экономикасының басты секторларының бірі болуы тиіс Еске салар болсақ, бүгін Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту - бәсекеге қабілетті Қазақстан». Форумға 20 елден келген 108-ден астам делегат, сондай-ақ қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтастыққа тарту болып табылады.