Жаңалықтар

ЖОО-ларда дене шынықтыру пәнін алып тастайтыны рас па – министрлік түсініктеме берді

ашық дереккөзі

ЖОО-ларда дене шынықтыру пәнін алып тастайтыны рас па – министрлік түсініктеме берді

Қазақстанның жоғары оқу орындары дене шынықтыру пәнінен бас тартатыны жайлы ақпаратқа Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде еліміздің жоғары оқу орындары бағдарламасынан дене шынықтыру пәнін алып тастау мәселесі талқыланды. Желі қолданушылары мұндай шешімге қолдамайтындарын жазды.