ЖОО-ларда дене шынықтыру пәнін алып тастайтыны рас па – министрлік түсініктеме берді

ЖОО-ларда дене шынықтыру пәнін алып тастайтыны рас па – министрлік түсініктеме берді

ЖОО-ларда дене шынықтыру пәнін алып тастайтыны рас па – министрлік түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Қазақстанның жоғары оқу орындары дене шынықтыру пәнінен бас тартатыны жайлы ақпаратқа Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде еліміздің жоғары оқу орындары бағдарламасынан дене шынықтыру пәнін алып тастау мәселесі талқыланды. Желі қолданушылары мұндай шешімге қолдамайтындарын жазды.  width= Алайда Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру пәнін МЖМБС-дан алып тастау мүмкіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. "Бүгінде мұндай бұйрық жоқ және бұл мәселе талқыланбады. Әрине, сарапшылар мен мұғалімдердің әрқашан әртүрлі ұсыныстары бар. Қазір университеттер академиялық еркіндікке ие және мұндай мәселелерді өздері шешеді. Бұл сұраққа кез келген жоғары оқу орнының академиялық департаменті жауап бере алады", - деп жауап берді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев.