Универсиаданы Eurosport әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді

Универсиаданы Eurosport әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді

Универсиаданы Eurosport әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді
ашық дереккөзі
Алматыда 2017 жылы өтетін дүниежүзілік қысқы универсиаданы әлемнің 100-ден астам елінің тұрғындары тамашалай алады. Бұл туралы оңтүстік астанада өткен баспасөз маслихатында Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин айтты. «Біз Eurosport каналымен әріптестік орнаттық. Соның арқасында универсиаданы 100-ден астам елдің тұрғындары тікелей трансляция арқылы тамашалай алады», - деді Олег Матыцин. Еске сала кетейік, кеше Алматыға Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация мен АҚШ, Ресей, ҚХР, Жапония, Ұлыбритания Германия, Италия, Франция, Канада, Корея Республикасы, Швеция, Польша және тағы басқа, жалпы 28 елдің студенттер спорты федерациясының басшылары келді. Сапардың басты мақсаты 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындықпен танысу. 15-18 қыркүйекте шетелдік мамандар қысқы ойындар өтетін спорттық нысандарға инспекторлық етеді. Оның ішінде, «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, жаңа нысан: «Алматы арена», «Халық арена», «Медеу» мұз шатқалы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені, «Алатау» шаңғы- биатлон кешені және «Табаған» ойын-сауық кешені.