Жаңалықтар

"Nur Otan": 2025 жылға қарай қарағандылықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,6 жасқа дейін ұлғаяды

ашық дереккөзі

"Nur Otan": 2025 жылға қарай қарағандылықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,6 жасқа дейін ұлғаяды

Бүгін Қарағанды облысында депутаттық фракцияның отырысы өтті. Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасын талқылап, оны Саяси кеңес Бюросының отырысында бекітуді ұсынды. Партия бағдарламасының ерекшелігі, ол облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған және онда проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар ұсынылады, нәтижелерге қол жеткізу үшін индикаторлар айқындалды және қаржымен нығайтылды. Жол картасын іске асыруға 587,6 млрд.теңге, оның ішінде жеке инвестициялар қарастырылған. 2025 жылға дейінгі іске асыру жоспары 132 іс-шараны және 23 нысаналы индикаторды іске асыруды қамтиды. Бұл ретте өнеркәсіпті, құрылыс саласын, Ауыл шаруашылығын, әлеуметтік инфрақұрылымды және басқа да секторларды одан әрі дамытуға басты назар аударылатын болады. Бұл ретте өнеркәсіпті, құрылыс саласын, Ауыл шаруашылығын, әлеуметтік инфрақұрылымды және басқа да секторларды одан әрі дамытуға басты назар аударылатын болады.Қарағанды облысының ерекшелігін ескере отырып, бес өзекті проблема анықталды, оларды шешу жолдары белгіленді және бағдарламалардың негізгі басымдықтары қалыптастырылды. Олардың ішінде - өнеркәсіптің жүйе құраушы кәсіпорындарға тәуелділігі ("АрселорМиттал Теміртау "АҚ, "Қазақмыс" корпорациясы " ЖШС), ауыл шаруашылығы өндірісінің төмен өнімділігі.