Жаңалықтар

"Әсірелегім келмейді": РФ елшісі ресейлік депутаттардың Қазақстан жайлы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

"Әсірелегім келмейді": РФ елшісі ресейлік депутаттардың Қазақстан жайлы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Дума депутаттарының Қазақстан аумағы туралы шулы мәлімдемелеріне пікір білдірді. "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында Елші Ресей-Қазақстан қатынасының күн тәртібінде жерге қатысты шағымдар жоқ екенін мәлімдеді.  "Мен бұл мәлімдемелерді әсірелегім келмейді. Менің ойымша, мұның қажеті жоқ. Бірақ бұл орынсыз мәлімдемелер Ресейдің ресми ұстанымына қайшы келетінін атап өткім келеді. Мемлекеттеріміздің арасындағы шекара келісіммен бекітілген. Ресей-Қазақстан қатынасының күн тәртібінде жерге қатысты шағымдар жоқ. Мүлдем жоқ. Мұндай мәселелер талқыланбайды", - деді Бородавкин. Елшінің айтуынша, Ресей Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтейді.