Ресей елшісі: "Росатом" Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын

Ресей елшісі: "Росатом" Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын

Ресей елшісі: "Росатом" Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын
ашық дереккөзі
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда в Казахстане" басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор бес негізгі бағытын атады. Олардың бірі — Қазақстанда атом электр стансасын салу жобасы. Оның пайымдауынша, "электр энергиясының болжамды тапшылығын ескергенде", бұл өте өзекті жоба болмақ. "Қазақстан әлемдегі басқа мемлекеттер сияқты таза энергетикаға мұқтаж. Бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі — атом электр стансасы. Электр энергиясының болжамды тапшылығын ескере отырып, АЭС салу Қазақстан үшін аса өзекті тақырыпқа айналуда. "Росатом" стансаның қауіпсіздігі мен оның экологиялық тазалығына кепілдік бере отырып, осы жобаны қолға алуға дайын. Кейбір БАҚ-та таратылған бейбіт ресейлік атом туралы фобиялардың шындыққа жанаспайтынын атап өткім келеді", - деді елші.