Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде парамен ұсталды
ашық дереккөзі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді. Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шара нәтижесінде 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы соттың судьясы ұсталған. «Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды», делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.