Алматы "жасыл" аймақта: Карантин неге жеңілдетілмейді?
Алматы "жасыл" аймақта: Карантин неге жеңілдетілмейді?
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис "жасыл аймақта" орналасқанына қарамастан, қалада неге карантин жеңілдетілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды "Деловой Казахстан".
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 31 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы "жасыл" аймақта орналасқан. Осыған байланысты бизнес өкілдері Алматының бас санитарлық дәрігерімен кездесуде карантинді жеңілдетуді, атап айтқанда, банктердің жұмыс кестесін ұзартуды, ойын-сауық орталықтарының жексенбі күндері шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат беруді, кинотеатрлар мен театрлар үшін толымдылығын 30%-ға дейін белгілеуді ұсынды.
Кәсіпкерлердің өтінішіне берген жауабында Ж.Бекшин бұл үшін уақыт қажет екенін айтты. Бас санитарлық дәрігер карантиндік шараларды күшейту, тіпті қауіпсіз аймаққа шыққан кезде де, екі апта бойы сақталатынын айтты. Шектеу шараларын жеңілдету 14 күн өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқаша айтқанда, шектеу шараларын жеңілдетуге негіз болу үшін қала тағы 4 күн "жасыл" аймақта болуы қажет.
"Біз сіздің ұсыныстарыңызды ризашылықпен қабылдаймыз және оларды тыңдауға дайынбыз, өйткені біздің міндетіміз - шектеу шаралары мен оларды кезең-кезеңмен жеңілдету арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бизнеске жұмыс істеу керек екенін түсінеміз. Кеше ғана біз "сары" және "жасыл" аймақтардың шекарасында тұрдық. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша біз "жасыл" аймаққа түстік, бірақ соған қарамастан әлі де қауіп сейілді дей алмаймыз. Қандай бір нысанда індет өршісее, қайтадан "сары" аймаққа оралуымыз мүмкін. Қаламыздағы жағдайды тұрақтандыру - ортақ мақсат", - деді Жандарбек Бекшин.
Алматының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бизнес те, халық та сау болып, жұмысын жалғастыруы керек. Сондықтан бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен толықтырулары ескеріліп, әрі қарай жұмыс істеу үшін назарға алынады.