Павлодарда полицейлердің жалған куәлігін жасаумен айналысқан студенттер ұсталды

Павлодарда полицейлердің жалған куәлігін жасаумен айналысқан студенттер ұсталды

Павлодарда полицейлердің жалған куәлігін жасаумен айналысқан студенттер ұсталды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Ішкі істер органдарының куәліктерін дайындау туралы хабарлама анықталды. Тексеріс барысында учаскелік инспекторлар жергілікті университеттің екі студентін құрықтады. Олар тәртіп сақшыларының құжаттарын үйлерінде жасаған. Жедел іздестіру барысында  жалған құжаттарды әзірлеуге арналған құрал-жабдықтар мен өзге де айғақ дәлелдер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». "Олардан принтер және процессор, дайын куәліктер және куәлікке дайындап қойған сыртқы қағазы, қызыл парақша табылды. Сол мезгілде 380-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды", - деді  облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.